• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2021

Алматы базарындағы жанжал: қылмыстық іс тоқтатылды

471 рет
көрсетілді

Алматы іргесіндегі «Алтын Орда» базарында жанжалдасқан көлік жүргізуші мен автотұрақ қызметкері татуласып, қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Алтын Орда» базарында жанжалдасқандар татуласып, қылмыстық іс тоқтатылды. Қос тарап өз кінәларын мойындап, бір-бірлерінен кешірім сұрады және істің тоқтатылуын өтінді», делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, 30 наурыздағы екі азамат арасындағы жанжал автотұрақ ақысына қатысты шыққан. «Бұзақылық» бабы бойынша қозғалған іс қос тараптың татуласуына байланысты тоқтатылды.