• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Бокс 01 Сәуір, 2021

Бокстан Қазақстан құрамасы Ресейдегі жаттығу жиынын аяқтады

250 рет
көрсетілді

Бокстан Қазақстан ерлер құрама командасы Ресейдің Кисловодск аймағындағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған жаттығу жиынына Оразбек Асылқұлов, Ермахан Жақпеков, Айбек Оралбай, Нұрбек Оралбай, Василий Левит, Әбілхан Аманқұл, Асланбек Шымбергенов, Ертуған Зайнулинов, Аблайхан Жүсіпов, Сакен Бибосынов, Нұрлан Сапарбай, Қамшыбек Қоңкабаев, Махмұд Сабырхан, Закир Сафиуллин, Серік Теміржанов және Бекзад Нұрдәулетов қатысты.

Спортшылар физикалық дайындығымен қатар Ресей және Өзбекстан құрамасының спортшыларымен спарринг кездесу өткізді. Оқу-жаттығу жыиыны Токио Олимпиадасына дайындық негізінде өтті.