• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2021

Алматы маңында жер сілкінісі болды

300 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 2 сәуір күні Алматы уақытымен 01 сағат 20 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 313 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,8, магнитудасы – 5,5.

Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.