Шымкент ҚПД ЕҚҚІҚБ-ның қызметкерлері 2020 жылда 271 құқық бұзушылықты анықтап, 60 келіге жуық есірткі заттарын тәркілеп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
2020 жылдың 12 айында Шымкент қаласының Полиция департаментімен есірткінің алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша бірқатар кешенді жұмыс атқарылды. Есептік мерзімде қала бойынша есірткінің заңсыз айналымына қатысты жалпы 271 құқық бұзушылық анықталып, өткен жылмен салыстырғанда 53 дерекке немесе 19,6 пайызға артты (2019ж.-218).
Атқарылған жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан 58 кг 808 гр есірткі заттары тәркіленіп, өткен жылмен салыстырғанда оның салмағы 25 кг 674 гр артты (2019ж-33 кг 653 гр).
Жыл басынан есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылық түрлері бойынша жалпы 185 адамға қатысты 224 қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, айыптау актілерімен сотқа жолданды. Жыл басынан рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында автокөлікті есірткіге мас күйінде басқарған 36 жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы).