• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Сәуір, 2021

Алматы маңында жер сілкінді

Алматыдан 280 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 2 сәуір күні Алматы уақытымен 13 сағат 36 минут 23 секундта жерасты дүмпуін тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым қашықтықта орналасқан. Қытай аумағындағы Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.7, магнитудасы – 4.2. Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болды. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ», делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар