• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 02 Сәуір, 2021

ForteBank тағы да «Қазақстанның үздік банкі» болып танылды

325 рет
көрсетілді

ForteBank-ті Global Finance журналы төртінші жыл қатарынан «Қазақстанның үздік банкі» деп таныды, деп хабарлайды Egemen.kz

Марапаттау рәсімінде пікір білдірген ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили: «Біз Global Finance басылымына өз жұмысымызды бағалағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Марапатты қатарынан төрт жыл бойы алуымыз тиімді қызметіміз бен дұрыс таңдалған стратегиямызды растайды. Пандемиямен байланысты күрделі нарықтық жағдайларға қарамастан, ForteBank өз клиенттеріне қолдау көрсетіп, сапалы инновациялық қызметтерді ұсынуды жалғастырып жатыр. Банк елдегі ең жоғары өтімді және жақсы капиталдандырылған қаржы институттарының бірі. Мен Forte-нің әр қызметкеріне сапалы жұмысы және осы қиын-қыстау кезеңдерде банктің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтқым келеді», деп атап өтті.

«Банктер бүкіл әлем бойынша экономиканы қалпына келтіруде шешуші рөл атқарады. «Үздік банк» марапатын бере отырып, біз өсуді қалпына келтіріп, одан әрі даму жолдарын анықтай алған көшбасшыларды бөліп көрсетеміз. Жаһандық пандемиядан туындаған бұрын-соңды болмаған экономикалық жағдайларды ескере отырып, осы жылдың нәтижелерін бағалау – марапаттың 28 жыл ішінде беріліп келе жатқанының маңыздылығы мен құндылығына ие», деп түсіндірді баспагер және Global Finance редакциясының директоры Joseph D. Giarraputo (Джозеф Д.Джиаррапуто).

Global Finance 1987 жылы құрылған, таралымы 50 мың дананы құрайды. Әлемнің 189 елінде оқырмандары бар. Global Finance аудиториясына халықаралық компаниялар мен қаржы институттары жұмысындағы инвестицияларға, стратегиялық шешімдерге жауап беретін қаржы және корпоративтік салалардағы басшылар кіреді. Веб-сайтында – GFMag.com – халықаралық қаржы нарығындағы 34 жылдық жұмыс нәтижесі болып табылатын талдаулар мен жарияланымдар ұсынылған. Global Finance бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан, бүкіл әлем бойынша басқа да бөлімшелері бар. Global Finance жыл сайын банктер мен қаржылық қызметтердің басқа өкілдері арасында қызмет көрсеткіштері бойынша көшбасшыларды іріктейді. Бұл марапаттар әлемдік қаржы қауымдастығы үшін сенімді сапа стандартына айналды.