• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Сәуір, 2021

Жамбылдық экс-шенеунік 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді

713 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бұрынғы басшысы 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Антикор Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бұрынғы басшысына қатысты аса ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеуін аяқтады», дейді Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Данияр Биғайдаров.

Тергеушінің айтуынша, басқарма басшысы міндеттемелерді уақтылы және толық көлемде орындауға, әрі МКД тарапынан басқа кәсіпорындардың коммерциялық қызметін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді.

Сонымен қатар ол соталды тергеу аяқталғанын тілге тиек етті.