• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2021

Қостанайда көпқабатты үйден өрт шықты

180 рет
көрсетілді

Қостанайдағы Абай даңғылының бойында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден  өрт шықаны туралы суыт хабар қалалық өрт сөндіру қызметіне  2 сәуір күні таңғы сағат 4:42-де келіп түскен. Дереу дабыл соғылып, 6 арнайы техникаға мінгескен 27 құтқарушы  оқиға орнына аттанады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Құтқарушылар 7-ші қабаттағы 16 шаршы метрлік  қоймада  тұрмыстық керек-жарақ бұйымдары мен жиһаз өртеніп жатқанын анықтады.  Кіреберісті алып кеткен қою түтіннен қорыққан тұрғындар дүрбелең тудыра бастады. Өрт тұтанғанда  елдің көбі таңғы ұйқыда жатқан болатын. Тұрғындарды оятып, сыртқа шығаруға тура келді. ТЖД күшімен көпқабатты үйдің кіреберісінен 62 адам эвакуацияланды, 5 адам құтқарылды. Оның ішінде 3 бала және 2 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Осылайша, өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде қызыл жалын дер кезінде сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен келген шығын анықталып жатыр», деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар