• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Білім 02 Сәуір, 2021

Бірінші сыныпқа қабылдаудың алғашқы күні 8 124 өтініш келіп түсті

318 рет
көрсетілді

1 сәуірде алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдаудың алғашқы күні 8 124 өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өтініштерді қабылдау egov.kz арқылы электронды форматта 1 тамызға дейін жалғасады.

Мектепке түсу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;баланың денсаулық жағдайы туралы құжат (бала денсаулығы паспорты, 063/у нысаны бойынша медициналық анықтама);3х4 көлеміндегі 2 фото.

2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан астам бала қабылдау жоспарланып отыр.