• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 03 Сәуір, 2021

Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

260 рет
көрсетілді

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өткен тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеше елімізге Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, ҚХР, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді.

3 497 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 463 адам, анықтамасыз 34 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 2 109 жолаушы, анықтамамен - 2 103, анықтамасыз - 6;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 043 жолаушы, анықтамамен - 1 015, анықтамасыз - 28;

- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 295 жолаушы анықтамамен келген;

- Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 147 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр.

1 сәуірде анықтамасыз келген 10 Қазақстан азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.