• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Сәуір, 2021

«Жасыл аймақтамыз» деп жайбарақат жүруге болмайды

339 рет
көрсетілді

Былтыр жазда қатты өршіп, бейқам отырған елдің есін алған вирус қысқа қарай саябыр тапқан еді. Белгісіз індетті індетіп көр­ге­німен де қайдан шыққанын біле алмаған мамандар сол кезде-ақ коронавирус алда тағы бел алуы мүмкін екенін ескерткен.

Болжам дәл келді. Бүгінде әл­ем­­дегі бірнеше ірі мемлекет етек-жеңін жинап, өршіп бара жат­қан инфек­цияны бо­л­дырмауға барын салып жатыр. Біз­дің елі­міз­де де ахуал айтарлықтай мәз емес. Қазақстан таяуда әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл ай­мақ­қа» өтті. Қы­зылор­даның жағ­дайы «жасыл» бо­лып тұр­ғанымен, бір аптаның мұғ­да­рында мұнда да індетке ілінгендер көрсеткіші едәуір өсіп тұр. Мысалы, 1 сәуір күні 27 адамның вирус жұқ­тыр­ға­ны белгілі болған. Келесі күні тағы 32 адамның бойынан дерт бел­гісі білінді.

Облыста індет басталғалы бері 4 103 тұрғын инфекция жұқ­­тырған. Оның жартысынан астамы скринингтік тексеру нә­ти­­жесінде анықталыпты. Қа­рым-қатынас арқылы жұқ­тыр­ған жағдайлар да жиілеп отыр. Осы уақыт аралығында 3 913 адам дерттен айығып шықты. Дәл осы күні емдеу меке­ме­­лерінде 102 науқас ем алып жа­тыр, 11 адам об­лыс­тық инфек­ция­лық ста­цио­нардың жансақьау бөліміне жат­қы­зылған. Эпи­­­де­миялық маусым бас­талғалы бері Облыстық фтизиопульмонология орта­лы­ғы, Ұлттық сараптама орталығы меке­мелері және ИНВИВО, «ОЛИМП» кли­никалары, Арал обаға қарсы ла­бо­ра­то­риясы арқылы 259 118 сы­на­ма алын­ған.

– Наурыз мерекесінен кейін індет жұқтырғандар санының күрт көбейгені байқалады. Қан­ша айтылса да, карантин талап­та­рын сақтамай мерекелік ко­р­­поративтер, жасырын той-жиын­дар жасайтындар азаймай отыр. Карантинге алынып, үй жағдайында оқшауланған адам­дар мен оларға күтім жасай­тын­­дар­­­дың да сақтық шараларына сал­ғырт қарауы кездесіп қалып жатыр. Вирустың мутацияланған жаңа штам­да­рының белсенділігі артып келе жат­қаны да мамандарды қатты алаңда­та­­ды, – дейді облыстың бас мемле­кет­­тік са­ни­­тариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.

Облыс «жасыл аймақта» болға­ны­мен, көрмелер, форумдар, конференция­лар, сондай-ақ отбасында адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткі­зуге салынған ты­йым күшінде тұр. Бет­перде киіп, жеке гигиена ереже­ле­­рін ұстану, қоғамдық орындарда ара­қа­шықтық сақтау талаптары да өз­гер­ген жоқ. Облыстың бас сани­т­а­ры дене қызуы көтеріліп, жөтелген және тыныс алу қиындаған жағдайда бірден медициналық көмекке жүгінуге шақырып отыр. Ата-аналар күн сайын бала­ларға сақтық шараларының ма­ңыз­дылығын түсіндіріп отыруы керек. IV тоқсаннан бастап білім беру дәстүрлі форматқа кө­шірілді. Мектеп оқушылары ара­сында коронавирус инфек­циясы таралуының алдын алу мақ­сатында шектеу шаралары, оның ішінде карантин кезінде білім беру ұйымдарына қо­йылатын санитарлық-эпи­де­м­иялық талаптар бел­гі­лен­­ді. Бұл талаптар әрбір мектепте бұл­жыт­пай орындалуы тиіс. Жағдай аяқ асты ушыға қалса жұқпалы аурулар және провизорлық стационарларда 3 200 төсектік орын дайын. Қызылорда қала­сында 200 төсектік орындық жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасы, Жалағашта 100 төсектік орындық аурухана бой көтерді. Облыстық көпбейінді және Қазалы ауданаралық ауруханалары жанынан оттегі стан­­салары салынды. Өңірде дәл қазір 3 500 қызметкерден кад­­рлық резерв жасақталып тұр. Был­тыр жазда болған дәрі-дәр­мек жетіс­пеу­шілігінің енді қайталанбауына на­зар ауда­рылды. Қазірдің өзінде 2 ай­лық қор бар. Бюджеттен оны толты­рып тұруға тағы да 488 млн теңге қа­рал­­ды. Алыс ауылдың тұр­ғын­да­ры үшін 2 ме­ди­циналық кешен және 40 сани­тар­лық көлік алынды.

Бүгінгі дайындық барысы осы­лай болып тұр. Бірақ мамандар ең бас­тысы тұрғындар «сақтансаң ғана сақ­тай­ты­нын» ұмытпаса екен дейді. Сонда ғана дерттің беті қайтар еді. Біз көп ретте санитарлық талапты айналып өтіп кетудің амалын іздеп жатамыз. Сон­дайлардың жыл басынан бері 105 мәрте карантин талаптарын бұзғаны анық­талып, оларға әкімшілік айыппұл салын­ды. Әрине, дертке шалдыққанға көмек көрсету – дәрігердің міндеті. Бірақ абза­лы ауырмаған ғой. Ал ол ең алдымен өзімізге байланысты.

 

Қызылорда облысы