• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Сәуір, 2021

Жедел әрекет ету топтарының жұмысы пысықталды

527 рет
көрсетілді

Петропавлда тасқынға қарсы жедел әрекет етуге арналған Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті тобының күштері мен құралдарының дайындық сапы қаралды.

Іс-шараны өткізу барысында департамент басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Орал Әбдірахманов, төтенше жағдайларды жою бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Серік Наурызбаев құрылымдық бөлім­шелердің командирлерінен іс-қимылдар­ға дайын­дығы туралы баяндамаларын тыңда­ды. Сондай-ақ О.Әбдірахманов техни­каның, құрал-жабдықтардың жина­қы­­лығы мен жарамдылығына, пара­метр­­лерінің қойылған мақсаттарға сәйкес­тігіне назар аударды. «Су тасқыны қаупі­­не жедел әрекет ету үшін облыста 7 не­гізгі топ құрылды, олар облыс аудан­дарын­дағы неғұрлым қауіпті учаскелерге бағытталатын болады. Топтардың құрамында 32 бірлік арнайы техника, 160 адам бар. Әрбір топта жүзу құралдары, су сору техникасы (42 бірлік мотопомпа) бар. Жеке құрам комбинезон және құтқару кеудешелері түріндегі қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді», деді ол. Сондай-ақ тасқынға қарсы күреске Ұлттық ұланнан 60 адам және 3 бірлік техника тарту көзделген. «Бұл топтар Айыртау және Ғ.Мүсірепов аудандарының шағын өзендеріне мониторинг жүргізетін болады. Қажет болған жағдайда олар мұзды жарып, ұсақтау, эвакуациялық іс-шаралар  жүргізеді», деді С.Наурызбаев.

Ал көктемгі су тасқынының кешегі бол­жамы мен оған қарсы жасалып жатқан ша­ра­лар туралы департамент бастығының орын­басары, майор Мұрат Қанғожинов бы­лай деді: «Соңғы жылдары өңірде су тас­қы­нына қарсы іс-шаралардың үлкен кө­лемі жүзеге асырылды, соның нәтиже­сін­­де 160-тан астам елді мекенде қауіп-қа­­тер төмендетілді. Атап айтар болсақ, 13 су өт­кізу құбыры орнатылды, 500 метр­ден ас­там кедергі салынды және 5,5 ша­қы­рымн­ан астам топырақ үйінділері ны­ғай­тыл­ды. Бұдан басқа, су басуға аса бе­йім учас­­ке­лерде 119 шақырымнан астам то­пы­рақ үйін­ділері мен 7,5 шақырым қор­ғаныш үйінділері салынды». Сондай-ақ ол ТЖ департаментінің тобы құрылып, тұ­рақ­ты дайын­дыққа келтірілгенін, су басу қау­пі туын­даған жағдайда эвакуацияланатын халықты уақытша орналастырудың 325 пункті дайындалғанын айтты. Ал 15 нау­рыз­дан бастап облыс аумағындағы Айыр­тау, Тайынша, Уәлиханов және Ғ.Мүсі­­репов аудандарындағы 14 қауіпті су қой­ма­ларын­да кептелістердің алдын алу мақ­сатында 4 630 шаршы метр жарылыс жұ­мыс­тары жүргізілгенін атап өтті.

«Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақ­стан облысы бойынша филиалы дирек­­торының орынбасары Наталья Левина облыс аумағында жылымық температура­ның басым болуы мен жердің күнделікті қатуы байқалып отырғанын атап өтті.

 

Солтүстік Қазақстан облысы