Жол апаты 5 сәуір күні түнде Алматы облысының Өтеген батыр ауылына кіре беріс жерінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz
«Жылдамдықты тым асырған RX300 жүргізушісі белгісіз себеппен қарсы бағытқа шығып кетіп, Volkswagen Golf көлігін соқты. Lexus онымен тоқтамай, қарсы бағыттағы жолда келе жатқан Pontiac Vibe көлігін бір түйреп өтіп, жылдамдығы басылмаған күйі Audi 100 көлігін қоса соқты. Қатты соққыдан Audi аударылып қалды. Одан кейін Lexus барып Hyundai Accent көлігін соғып, аударылған», деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Апат салдарынан үш адам қаза тапты. «Audi» көлігінде отырған жүргізуші мен мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Кейінірек ауруханада «Hyundai» жүргізушісі де жан тапсырды. Ал Lexus жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі дене жарақаттармен Өтеген батыр кентіндегі ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.Тергеу барысында оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталады.