• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Сәуір, 2010

КІТАП КӨКЖИЕГІ

611 рет
көрсетілді

ӘДЕБИЕТ ҚОРЫН ТОЛЫҚТЫРҒАН ҚҰНДЫ ЕҢБЕК Қазақстанның ғылыми-көп­шілік әдебиетінің қоры тағы бір кітаппен толығып отыр. Ол – Пар­ламент Сенатының депутаты Өмірбек Байгелдінің “Елібай” кітабы. “Қазақпарат” баспасы шығарған жинақ таяуда Астанада өткен “BookExpoAstana” халық­аралық кітап жәрмеңкесінде “Ең үздік ғылыми-көпшілік әдебиет” номинациясы бойынша арнайы дипломмен марапатталды. Кітап­тың полиграфиялық әсемделуі де арнайы дипломмен атап өтілді. Ол біздің еліміздегі баспагерлер конкурсы мен 2009 жылы Ашға­бадта өткен халықаралық көрмеде бірінші орынды жеңіп алды. Таң заманында өмір сүрген қытайдың ұлы ақыны Ли Боның қазақ жерінде дүниеге келуі жөніндегі болжам бойынша дерек­тер іздестіруді мақсат еткен ҚХР-ға экспедиция кезінде жи­нақталған мол зерттеу мәліметтері шығарманың және “Табылмай келген қазына” деректі фильмінің негізін құрады. Айтулы ақын ту­ралы кітап пен деректі фильмнің тұсаукесері өткен жылы Аста­надағы Президенттік мәдениет орталығында ұйымдастырылды. “Елібай” кітабымен танысу отандық тарихтың бұралаңдарын терең түсінуге, Қазақстан-Қытай мәдени-гуманитарлық байла­ныстарын одан әрі дамытуға жәрдемдесері даусыз. ҚХР-да ақынның біздің елі­міздің оқырмандарына белгісіз шығармашылық мұраларын зерт­теу жөніндегі жиырмаға жуық қор бар. Екінші бөлігінде қазақ­шаға аударылған Ли Боның түпнұсқа мәтіндері берілген еңбек еліміздің басты кітапханаларының қорына жіберілді.