Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
3 сәуір сағат 20:30 шамасында Самара-Шымкент тас жолы бойында шымкенттік тұрғын өзінің Tayota Camry 50 маркалы көлігімен Түркістаннан Шымкент бағытына қарай келе жатып, жолдың сол жақ бетінен шыққан жылқыны қағып кетеді.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болған. Оның ішінде екеуі ерлі-зайыптылар және біреуі жасөспірім. Көліктің жүргізушісі алған дене жарақатынан Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Ол қаза болған ерлі-зайыптылардың күйеу баласы.
Аталған жайт Ордабасы АПБ-мен ҚР ҚК -нің 345-бабымен тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.