• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Сәуір, 2021

Түркістан облысының полицейлері бірнеше көкпар ойынын тоқтатты

392 рет
көрсетілді

Түркістан облысының полицейлері бірнеше көкпар ойынын тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының негізінде, карантин режимі кезінде бірқатар шектеу шаралары қойылған. Осы бағытта Ордабасы АПБ-ның полицейлері карантин режимін және шектеу шараларын сақтау үшін құрылған топпен бірге профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде. Осындай кезекті рейдтік шара барысында, күндізгі 15:30 шамасында Сарыағаш ауданының ауылдарының бірінде көкпар ойынының өтіп жатқаны анықталған. Ұйымдастырылған бата көкпар ойыны тоқтатылып, 200-ден астам адам тарқатылды.

Сондай-ақ Отырар ауданында жасырын түрде көкпар ойыны ұйымдастырылған. Аталған жиынға 150-ден астам адам жиналып, тәртіп сақшыларының табанды еңбектерінің арқасында, дер кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін көкпар ойындары тоқтатылды.

Осыған орай карантин режимін және шектеу шараларын сақтамаған тұрғындарға қатысты іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін ҚР ҚК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жинақталған құжаттар аудандық СЭББ-на жолданды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды карантин режимін қатаң сақтауға, медициналық бетперде киюге және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.