• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Сәуір, 2021

Иманбек Зейкенов: Мені қазақ бауырларым қорғап жүр

342 рет
көрсетілді

Грэмми сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов өзінің ресейлік менеджерімен бірге «По студиям» YouTube арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сұқбат барысында Иманбек Зейкенов интернетте өзін жақтаушылар мен даттаушылардың тобы пайда болғанын айтты.

«Алғашында әр хейтерге жауап беруге тырысатынмын. Қазір оларға жауап беруге уақытым жоқ. Екінші жағынан, менің жақтастарым өздері-ақ қорғап алады. Негізінен олар қазақ бауырларым. Қазақтар күш қой», деді И. Зейкенов.

Сондай-ақ ол жүлделі болғалы қазір оған түрлі ұсыныстар түсіп жатқанын айтып өтті.