Иманбек Зейкеновтің Грэмми сыйлығын алғалы бері табысы артқан. Бұл туралы ол «По студиям» YouTube арнасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Грэмми жүлдесін алғалы қажеттілік те, табыс та артты. Әлі де Ақсу қаласынан көшкен жоқпын. Егер үлкен қалаға қоныс аудару керек болып жатса, Нұр-Сұлтан қаласына көшер едім», деді И. Зейкенов.
Сондай-ақ Иманбек Зейкеновтің менеджері Кирилл Грэмми күйсандығы әлі қолдарына тимегенін айтты. Оны Грэмми ұйымдастырушылармен арнайы келісімшарт жасасқан логистикалық компания жеткізіп беруі тиіс көрінеді.