• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Сәуір, 2021

Шымкентте Оңтүстік-Батыс айналма жолының құрылысы басталады

1834 рет
көрсетілді

Биыл елімізде жалпы ұзындығы 600 шақырымнан асатын 4 жолдың құрылысы басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде салынатын Шымкент қаласының Оңтүстік-Батыс айналма жолының жалпы ұзындығы 48 шақырымды құрайды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес, аталған жобаны осы жылы бастау жоспарлануда. Республикалық маңыздағы жол төрт жолақты және 1б дәрежелі болып, қарқындылығы тәулігіне 25 мың көлік болады деп күтілуде.

Ал бұл жобаның Шымкент қаласы аумағымен қатынайтын 20 мыңға жуық транзиттік және басқада автокөліктердің айналма жолмен қатынап, қала аумағындағы көлік кептелісін сейілтуге және жол-көлік оқиғаларының азаюына септігін тигізбек.

Оған қоса, жол бойында орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде.