• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Сәуір, 2021

Бүгін алты дзюдошымыз белдеседі

158 рет
көрсетілді

Дзюдодан Бішкекте өтіп жатқан Азия мен Мұхит жағалауы елдерінің біріншілігінде бүгін тағы бес салмақ дәрежесі бойынша бәсекелер өтіп, түрлі-түсті медальдарды сарапқа салынады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ерлер сайысында 73 кило салмақтағы Жансай Смағұлов алғашқы айналымда үндістандық Раван Құмармен күш сынасады. 81 кило салмақтағы Дидар Хамза түркмениялық Ағамұрат Башимов пен кувейттық Абдуллах Алхузам арасындағы кездесудің жеңімпазымен белдеседі. Руслан Мұсаев гуамдық Джоштер Эндрюмен айқасады. 90 кило салмақтағы Ислам Бозбаев өзбекстандық Шермұхаммед Жандреевпен күреседі.

Әйелдер арасында 63 кило салмақтағы Иоланта Бердібекова үндістандық Инунганби Тахелламбаммен белдессе, 70 кило салмақтағы Зере Бектасқызы кореялық Сенген Киммен шеберлік байқасады.