• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2021

Түркістанда түркітілдес елдердің креативті индустрия қауымдастығы құрылды

295 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде Түркістан қаласы мәдениеттің, экономиканың діңгегіне айналуы керектігін айтқан еді. Осыған орай Түркістан қаласында креативті индустрия қауымдастығы құрылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұйымның мақсаты – түркі халықтарына ортақ бизнес алаң қалыптастыру, жоғары зияткерлік және инновациялық салаларды қолдау, жастар арасында шығармашылық қуатты ояту.

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев мәлімдеді.

«Түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесіне ие болу, сондай-ақ тарихи құндылығын ескере отырып, қала бірегей креативті кластерді дамытуда жоғары әлеуетке ие. Бұл Түркістанды жаһандық инновациялық мәдени орталыққа айналдыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта біз түркі халықтарына ортақ креативті индустрия қауымдастығын құрып отырмыз. Біздің ойымызша, креативті экономиканы дамыту – бүкіл өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жасалатын маңызды қадам», деді Мейіржан Мырзалиев.

Сондай-ақ брифингке онлайн форматта қатысқан «FUTURK» Түркітілдес елдерінің креативті индустрия қауымдастығының төрайымы Эльмира Сәрсеналиева Түркістандағы қауымдастық жұмысымен таныстырды.

«Мемлекет басшысы айтқанындай, Түркістан – тек мәдениеттің ғана емес, экономиканың да өзегіне айналуы тиіс. Осы мақсатта қауымдастық құрылып отыр. Аталған алаңда алдағы уақытта түркі халықтарының кәсіпкерлері тәжірибе алмасады. Бұл – түркітілдес елдердің талантты жастарына қолдау көрсететін ұйым болмақ. Қауымдастықтың миссиясы – түркі халықтарына ортақ мәдени, туристік, ақпараттық орта қалыптастыру. Бастысы, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау»,  деді Эльмира Әлімжанқызы.