• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Сәуір, 2021

Эльжана Таниева Болгарияда топ жарды

526 рет
көрсетілді

Көркем гимнастикадан Болгарияда өтіп жатқан София кубогы жолындағы жарыста Қазақстан құрама командасының мүшелері сәтті өнер көрсетіп, бірнеше жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Біздің арулар арасында Эльжана Таниеваның шоқтығы биік болды. Алғашында ол таспа жаттығуында 20,550 ұпай жиып, алтыннан алқа тағынды. Ол өзінің басты қарсыластары болгариялық Татьяна Воложанина мен италиялық Софья Мафезден біраз озып кетті. Көп кешікпей Эльжана мен Татьяна шығыршық жаттығуында да бас жүлдені өзара сарапқа салды. Бұл жолы да қазақ қызының мерейі үстем болды. Барлық элементтерді ойдағыдай орындап шыққан ол 22.300 ұпай жиып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Сондай-ақ осы жарыста Сабина Бақатованың да бағы жанды. Ол доп және ұршықпен жасалатын жаттығулар бойынша қола медальді иеленді.