Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) синхронды жүзуден олимпиадаға іріктеу турнирін кейінге қалдырды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Іріктеу бәсекесі 1-4 мамыр аралығында Токиода өтуі тиіс болатын.
Бұған дейін FINA 29-30 мамыр күндері Фукуока қаласында өтеді деп жоспарланған ашық суда жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирін, кейін 18-23 сәуірге жоспаралған суға секіруден әлем кубогін кейінге шегерген болатын.
Аталған турнирлерге қатысты соңғы әрі нақты шешім бір аптаның ішінде белгілі болады.