Францияның оңтүстігіндегі Марсель қаласының шетінде тұтанған өрттің салдарынан 155 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Марсельдің өртке қарсы қызметі хабарланғандай, тілсіз жау Ла Бульдис коммунасының маңында тұтанған.
Екпіні 80 км / сағ жылдамдыққа жететін желдің әсерінен өрт Ориол аймағында орналасқан елді мекендерге тез таралып жатыр.
Жалын 90 гектарға жуық аумақты шарпып үлгерген.
Эвакуацияланған тұрғындар уақытша спорт кешені ғимараттарына орналастырылды.
Метеорологтардың болжамы бойынша жел бейсенбіге дейін басылмайды. Сондықтан өрт аумағы ұлғая түсуі мүмкін.
Өртті сөндіруге 6 ұшақ пен 95 өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды.