• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 07 Сәуір, 2021

Ұлттық музейде музыка антологиясының тұсаукесері өтеді

495 рет
көрсетілді

2021 жылдың 8 сәуір күні сағат 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде «Тобыл-Торғай әуені» антологиясының тұсаукесер рәсімі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кітапты Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері – Батырлан Сағынтаев құрастырған.

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының қолдауымен Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы жарыққа шығарған «Тобыл-Торғай әуені» музыка антологиясы елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бірнеше жыл бұрын жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізінде қолға алынған жұмыстардың бірі. Аталған мақалада елбасымыз қазақ әдебиетінің ата қоры, асыл қазынасы «дала фольклоры» мен халқымыздың рухани өмірінің өзегі, жан азығы болған дәстүрлі ән мен күйіміз жайлы құнды пікірлер айтқан еді. Бұл халықтың рухани мұрасының сақталуына жасалған оң қадамдардың бірі.

Музыка антологиясы үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде әндер мен күйлердің ноталары берілсе, қосымша бөлімде осы өңірдің музыка мұрасына қатысты жазылған мақалаларымыз және бірнеше өнерпазымыздың суреттер берілген. Кіріспе мақала мен әндерге түсініктемелер арқылы жарияланған мұраларға, олардың авторларына қатысты мәліметтер берілген. Кітапқа 90 нота енгізілді. Бұлардың барлығы авторлық шығармалар.