• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әдебиет 08 Сәуір, 2021

Ерекше жәдігер

483 рет
көрсетілді

Байзақ аудандық тарихи өлкетану музейінде үш мыңнан аса жәдігер бар. Сондағы кітаптар қорында тіркелген мына бір «қызыл кітап» өзінше ерекше. Ерекше дейтініміз – ол әрі құнды, әрі ескі дүние.

1937-38 жылдары баспа­дан шық­қан кітапта әйгілі жыр­шы Жамбыл Жабаевтың өлең­дері топтастырылған. Айта кетер­лігі, ұлы ақынның «Ленин мавзо­лейінде», «Орден алғанда», «Халықтан сәлем», «Одақтас», «12 декабрь», «Ұлыма», «Бала­ларға», «Алатау» және тағы басқа шығар­малары латын әріпінде жазылған. Кітап музей келушілеріне осынысымен де қызық.

Қазақ халық поэзиясының әй­гілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі Жам­был Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл. Ел өміріндегі жетістік пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлікті айрықша ша­быт­пен жырлаған ақынның өлеңдері ағылшын, болгар, чех және әлемнің басқа тілдеріне аударылған дейтін болсақ, латын әріпінде жарияланған осынау ерекше кітапты музейге ауданымызға қарасты Жаңатұрмыс ауыл­­дық округі Ақшолақ орта мектебінің мұға­лімі Рахманов Төлжан Төле­ген­ұлы сыйға берген.

«Кітап – сарқылмас рухани қазы­на. Жақсы кітап жан дүние­мізді нұр­ландырып, жүрегімізді айнадай жар­қыратады. Ал мынадай ұлы тұлға­ның туындысы тек менің үйімдегі сө­реде емес, көпшілік көретін жерде тұруы тиіс деп шешіп, аудандық музейге табыстаған болатынмын. Әсіресе, кейінгі жас ұрпақ көп кітап оқыса екен», дейді ұлағатты ұстаз.

 

Айдана ШОТБАСОВА,

Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы

 

Жамбыл облысы