Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов отбасы мүшелерінің міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Былтыр тамыз айының басында вакцинаны салдырған едім. Жалпы, жеке өз басым жыл сайын екпе қойдыратын адамдардың санатынанмын, яғни тұмауға қарсы екпені қабылдап жүрмін. Өткен жылы үш вакцина алдым, соның бірі – отандық QazVac. Вакцинаға, ғылымға сеніммен қарауға шақырамын», деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.