Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті өткен тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Германия, Корея, Иордания, Үндістан, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Моңғолия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 28 халықаралық әуе рейсі келді.
3551 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3530 адам, анықтамасыз 21 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 2316 жолаушы, анықтамамен - 2309, анықтамасыз - 7;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 593 жолаушы, анықтамамен - 579, анықтамасыз - 14;
Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 196 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 151 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 237 жолаушы анықтамамен келген;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 58 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Сондай-ақ 6 сәуірде шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының
ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.