10-14 сәуір аралығында Польшаның Кельц қаласында өтетін бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстанның қыздар командасы қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.
Айтулы жарыста мына былғары қолғап шеберлері Қазақ елі намысын қорғайды: Арайлым Марат (48 кило), Гүлнар Тұрапбай (51 кило), Айшагүл Елеубаева (54 кило), Назерке Серік (57 кило), Жұлдыз Шаяхметова (60 кило), Милана Аюпова (64 кило), Жасмин Қизатова (69 кило), Дана Дидай (75 кило), Әсел Сағатова (81 кило) және Елдана Тәліпова (+81 кило).