• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Сәуір, 2021

«Ashyq» пилоттық жобасына қатысу тәртібі белгілі болды

186 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуға өтінім беру алгоритмдері туралы айтты.

«Ashyq» жобасы фитнес-клубтарды, спа-орталықтарды, сауналарды, бассейндерді, кинотеатрларды, қоғамдық тамақтандыру орындарын, компьютерлік және боулинг-клубтардың жұмысын толығымен тоқтатпау үшін олардың жұмысына қойылған кейбір шектеулерді алып тастау баламасы ретінде іске қосылуда. Басқа кәсіпорындар «Ashyq» қосымшасы бойынша жұмыс істей алады, өйткені бұл бизнес нысандарына жалпы эпидемиологиялық жағдайға тәуелділік аз.

Мобильдік қосымшаны әзірлеушілер ұсынған деректерді келтірген Айтуар Қошмамбетовтың ақпаратына сәйкес, 6 сәуірдегі жағдай бойынша «Ashyq» қосымшасын 125 000 пайдаланушы жүктеп алған. Жалпы саны 374 QR код берілді, оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 91, Қарағандыда – 39 жоба қатысушысы және қалғандары Алматыда.Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған тізімде пилоттық жобаға қатысушылар саны – 264. Пилоттық жобаның нәтижесінде Алматыда қызыл және сары мәртебесі бар 19 келуші анықталды. Жалпы, 17 қаңтардан 5 сәуірге дейін республикада жобаға қатысушы қалалар бойынша қызыл мәртебесі бар 273 азамат анықталды. Айтуар Қошмамбетов «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеу үшін кәсіпкерлерге қандай кезеңдерден өту керектігін айтты.Ол үшін Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына Яндекс платформасындағы https://forms.yandex.ru/u/606c52b490a6660c706590fb. үлгіні толтыру арқылы өтінім беру қажет. Өтінім беруге арналған сілтемені біздің «Бизнес штаб Алматы» телеграмм-арнасынан табуға болады.

Барлық өтінімдер берілгеннен кейін ЭҚЖЖ (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) сәйкестігі тексеріліп, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен келісіледі.

Бұдан әрі тексеру мен мақұлдаудан кейін берілген өтінімдер QR код жүктеуге рұқсат беруге жіберіледі. Рұқсат алғаннан кейін өтініш берушілер электронды платформада QR код алу нұсқаулығына сәйкес QR кодты InfoKazakhstan.kz сайтынан жүктей алады. Бір апта бойы жаңа қатысушылар оқытудан өтіп, тестілік режимінде жұмыс істейді. Бір аптадан кейін тестілік режимінде жұмыс істей отырып, жаңа қатысушылар әкімдік сайтында орналастырылған қатысушылар тізіміне енгізіледі. QR жүктеуге рұқсат беруге өтінімдерді беру күніне 2 рет сағат 12:00 және 18:00-де жүргізіледі.

Әкімдік сайтындағы қатысушылар тізіміне енгізу аптасына 2 рет сейсенбі және бейсенбі күндері жүргізілетін болады. «Ashyq» жобасына қатысудан бас тартуға объектінің ЭҚЖЖ кодына сәйкес келмеуі немесе кәсіпкерлік субъектісі тыйым салынған қызмет түріне жатуы негіз болады.Мысалы, кинотеатрлардың иелері қосымшаны бастау үшін жиі хабарласады. А.Қошмамбетовтың айтуынша, бұл мәселе қаралуда, жаңа қаулы шыққан жағдайда кинотеатрлар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандар тізіміне енгізілуі мүмкін. Спикер оларға бизнесті бастау туралы өтінішімен бизнестің 15 бағытының өкілдері жүгінгенін айтты. Сонымен қатар, мониторингтік топ объектісінде жобаға қатысуға қойылатын талаптарды бұзудың расталған фактілері анықталған жағдайда (жоба туралы инфоплакаттардың, кіруге және шығуға арналған QR кодтын болмауы; әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін сақтамау, белгіленген уақыттан тыс жұмыс істеу); объект 3 күннен артық келушілерді check-in жүргізбеген жағдайда жне нысанның апталық статистикасын алу кезінде бір апта ішінде сканерлеудің орташа саны 70 пайызданасып, нормадан ауытқу анықталған жағдайда «Ashyq» жобасының аясында жұмыс істейтін кәсіпкерлер мынандай жағдайда жобадан шығарылады.