• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Сәуір, 2021

Бүгін де дзюдошыларымызға жүлде бұйырмады

241 рет
көрсетілді

Дзюдодан Қырғыстаннның астанасында Азия мен Мұхит жағалауы елдері біріншілігі өз мәресіне жетті. Соңғы жарыс күні бес салмақ дәрежесі бойынша бәсекелер өтті.

Өкінішке қарай, соңғы күні де Қазақстанның балуандарына жүлде бұйырмады. Бүгін татамиге шыққан төрт жерлесіміздің екеуі қола медаль үшін таласты. +78 кило салмақтағы Камилә Берліқаш шешуші тұста Оңтүстік Корея өкілі Ким Хаяннан ұтылса, +100 кило салмақтағы Ерасыл Қажыбаевтың тәжікстандық Тимур Рахимовқа әлі жетпеді. Олардың екеуі де басінші орынды қанағат тұтты.

Естеріңізге сала кетейік, жарыстың күндізгі бағдарламасында Ислам Бозбаев (90 кило) пен Айбек Серікбаев (100 кило) сынды белді балуандарымыз жұбаныш бәсекелерінде ұтылып қалған еді.