• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Сәуір, 2021

Павлодар әкімінің орынбасарына сөгіс жарияланды

195 рет
көрсетілді

Үш мемлекеттік қызметкер Павлодардағы көшелердің атауын өзгерту туралы қоғамдық тыңдаулар болаты жөнінде қате сілтемелер жариялағаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz pavon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа көше атауларын Павлодар, Екібастұз және Ақсу тұрғындарымен талқылау жоспарланған. Бейнеконференциялар 29 наурызда өтуі керек еді.

Қызметкерлер Павлодар қаласының әкімдігі мен Екібастұз қаласы мәслихатының сайттарынан хабарламаларын қайта өңдей салған. Бұған атауын өзгерткісі келетін көшелер тізімін қайта қарау себеп болды. 

Облыс орталығының әкімдігі талқылау 3 сәуірге ауыстырылғанын хабарлады. Zoom сілтемелері бар хабарландырулар әкімдіктің сайтында тағы да пайда болды. Бірақ кейінірек белгілі болғандай, сілтемелер 29 наурызда өткен конференцияға алып келді.

Қала әкімшілігі қате ақпарат жариялағаны үшін жауапты қызметкерді жазалайтындықтарын айтты. Павлодар әкімшілігі үш мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды деп хабарлады. Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруда қате жібергені үшін және тиісті бақылау жүргізбегендіктен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері, қала әкімі аппаратының баспасөз қызметі және Павлодар қаласы әкімінің орынбасары сөгіс түрінде тәртіптік жазалар алды.

– Павлодар қаласы көшелерінің атауын өзгерту бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарламаны мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары дайындады. Содан кейін ол жергілікті газеттер мен әкімдіктің баспасөз қызметіне жергілікті ресми сайтында жариялау үшін жіберілді, – деп хабарлады әкімдік.

3 сәуірде 30 көшенің атауын өзгерту туралы тыңдаулар өтті. Соңғы тізімде 23 көше қалды. Қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан атауларды өзгертуге дауыс берді. Халық қалаулылары қала тұрғындарынан көше маңдайшаларын ауыстыруға бюджет ақшасы жұмсалатындығына алаңдамауды сұрайды: ол бұрынғыдай демеушілік қаражатпен жасалады.

10 сәуірде Zoom-да Павлодар қаласының қала маңындағы елді мекендеріндегі көшелердің атауын өзгерту туралы тыңдаулар өтеді.

Соңғы жаңалықтар