• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2021

Батыс Қазақстанда өзен жағасынан малдың өлекселері табылды

373 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында өзен жағасынан малдың өлекселері табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Бәйтерек ауданы Белес ауылы маңында болды. Ауыл тұрғыны өзен жағасынан қой, ешкі, сиыр, жылқының өлексесін тауып, алаңдаушылық білдірген. Белес ауылдық округінің әкімі Мәлік Ильясовтің айтуынша, өлекселер ұрланған малдікі емес, иесі анықталған.

«Орал қаласындағы бір шаруашылыққа тиесілі болып шықты. Жол нашар болған соң, мал моласына жеткізбей тастаған болуы керек», деді ауыл әкімі.