• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 09 Сәуір, 2021

Алматыда карантин күшейтіле ме?

886 рет
көрсетілді

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова коронавирус жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты Алматыда карантин шаралары күшейтіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әсел Қалықова журналистердің «Қалада коронавирус жұқтырғандар санының 700-ден асуына байланысты Алматыда карантин күшейтіле ме» деген сауалына жауап берді.

«Қаладағы карантинді күшейту шарасы эпидемиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қаралады», деп жауап берді ол.

Еске сала кетейік, Алматыда эпидемия басталғалы бері 39 655 адам коронавирус жұқтырды, 30959 науқас індеттен айықты.