Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «СҚ-Фармация» басқармасының экс-төрағасына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істері жөніндегі тергеуші Данияр Биғайдаровтың мәліметінше құзырлы орган «СҚ-Фармация» басқармасының бұрынғы төрағасына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтап, іс ҚІЖК-нің 300-бабы тәртібінде айыптау актісімен прокуратураға жіберілген.
«Өкінішке қарай басқа ақпаратты ҚІЖК-нің 201-бабы аясында жариялай алмаймын», деді Данияр Биғайдаров брифингте.