• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2021

Қостанай облысында жаппай вакцина егу басталады

194 рет
көрсетілді

Қостанай облысының тұрғындарына сәуір айының екінші жартысынан бастап жаппай вакцина егу басталады. Осыған орай, сәуірдің онына қарай облыс орталығына Қарағанды фармакологиялық зауытында құйылған ресейлік «Спутник V» және отандық «QazVac» вакцинасының 45 400 құтысы жеткізілмек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірдің бас санитарлық дәрігері Ермұханбет Дәулетбаевтың айтуынша, Қостанай облысының тұрғындары соңғы кездк вакцина қабылдауға белсенді қатыса бастаған.

«Қазір күніне 800-ден 1200 адамға дейін екпе жасалады. Осы айдың басында біз вакцинаның 20 мың дозасын алған едік. Енді келесі лек кешікпей жетсе, халықты жаппай иммундау басталады. Тұрғындарға қолайлы болу үшін, бірқатар қоғамдық орындарда, мәселен, «Kostanay Рlaza» сауда-сауық орталығында екпе жасайтын кабинет ашылатын болады, – деді Ермұханбет Дәулетбаев.

Аймақта бүгінге дейін дәрігерлер, полиция, әуежай және темір жол қызметкерлері бастаған 10 мыңға жуық адам екпе қабылдады. Алайда денсаулығына байланысты 79 адам екпе алудан бас тартқан.

- Екінші компонентті алған кез келген адам вакцинация паспортын алу үшін egov.kz порталына өтініш бере алады. Қазір Қостанай облысында 31 медициналық мекемеде  62 егу кабинеті жұмыс істеп тұр. Олардың саны қажет болған жағдайда 150-ге дейін ұлғайтылуы мүмкін. Тұрғындар кез келген емханада екпе қабылдай алады. Алайда кейбір мекемелерде вакцина көлемі шектеулі, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының міндетін атқарушы  Рүстем Айтбаев.