• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 10 Сәуір, 2021

Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты

320 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен және Білім және ғылым министрлігі аграрлық мамандықтар бойынша оқуға түсуге қабылдау квотасының мөлшерін ұлғайту мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына жолдаған жауабында осындай мәлімет келтірген.

«Бүгінде ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім алу гранттарын бөлуде ауылдық квоталар үлесін арттыру «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысы арқылы реттеледі. Бұл ретте біздің министрлік пен ҚР БҒМ аталған қаулыға аграрлық мамандықтар бойынша оқуға түсуге қабылдау квотасының мөлшерін ұлғайту бөлігінде өзгеріс енгізуді пысықтауда», дейді Сапархан Омаров.