Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Аягөз Хайруллинаның 10 сәуірдегі қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz облықтың әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаулыға сәйкес 11 сәуір күнгі сағат 00:00-ден 25 сәуір күнгі 00.00-ге дейін Бөрлі ауылында карантин жарияланды. Ауылға кіреберіс жолдарға санитарлық постар қойылып, халықтың қозғалысы шектеледі.
Тұрғындардың ауылға кіріп-шығуына, адамдар көп жиналатын түрлі іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Медицина мекемелеріне, дәріханаларға бару қажет болған жағдайда, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс істейтіндерге 109 телефонына хабарласып, өтінім қалдыруы керек. Басқа ауылдарда күндіз жұмыс жасайтындар жұмыс орнынан анықтама алып жүруі тиіс.