• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Сәуір, 2021

183 халықаралық байқаушы Қырғызстандағы референдумды бақылайтын болады

123 рет
көрсетілді

Алдыңғы ақпараттарымызда хабарлағанымыздай, Қырғыз Республикасында бүгін, 11 сәуір күні сағат 08.00-де жергілікті кенештерге сайлау және жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шалдайбекова мәлім еткендей, ел бойынша барлығы 2 483 сайлау учаскесі ашылды. Жергілікті кенештерге сайлау 448 қала мен ауылда құрылған 2273 дауыс беру пунктінде өтеді.

«28 қалалық кенешке 59 партия тіркелген. 796 орынға 11 782 кандидат үмітті. Орташа, 1 орынға 59 партиядан келіп отыр. 420 ауылдық кенеш депутаттығына 18 772 адам үмітті. Бір 1 орынға орташа 2,5 адамнан келеді», деді ол.

Барлығы жергілікті кенештер сайлауына 3 млн 318 мың 130 электорат тіркелген.

Ал референдумға – 3 млн 606 мың 201. Сонымен қатар сайлау барысын 183 халықаралық байқаушы және Қырғызстанның 11 қоғамдық ұйымы бақылайтын болады.

Ақпаратты шетелдік және жергілікті 179 БАҚ таратады. Қырғызстан азаматтарына түрлі түстегі екі бланк, сондай-ақ жегілікті кенеш сайлауына және референдумға қатысу үшін биометриялық сәйкестендіруден өтуге арналған екі чек берілетін болады.

Жогорку Кенеш депутаттары «Қырғыз Республикасының Конституциясы туралы» Заң жобасы бойынша референдум (бүкілхалықтық дауыс беру) тағайындау туралы» заң жобасын мақұлдап, референдумды биылғы 11 сәуірге белгілегенін бұған дейін жазған болатынбыз. Жаңа Конституция жобасындағы басты айырмашылық – президенттік басқару нысанына көшу.

Сондай-ақ депутаттар санын 120-дан 90-ға дейін қысқарту ұсынылып отыр.