• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2021

Өскеменде әуе қатынасы бір айға тоқтатылады

74 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында әуе қатынасы бір айға тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Өскемен әуежайы» АҚ мәліметіне сүйенсек, 1 мамырдан 31 тамызға дейінгі аралықта әуежайдың жасанды ұшу жолағында жұмыстар жүргізу жоспарланған.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қарастырылған. Осыған байланысты 1 айға авиақатынас тоқтатылады. Барлық рейстер уақытша Семей қаласына ауыстырылады.

«Ал 2021 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында АН-24 әуе кемелерімен топырақты ұшып-қону жолағынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Зайсан қалалары мен Үржар ауданына рейстерді орындау жоспарланып отыр», делінген хабарламада.