Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті өткен тәулікте елімізге халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше Қазақстанға Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Шри-Ланка, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 29 халықаралық әуе рейсі келді.
4 020 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 010 адам, анықтамасыз 10 Қазақстан азаматы келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 600 жолаушы, анықтамамен - 2 590, анықтамасыз - 10;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, барлық 1 074 жолаушы анықтамамен келген;
Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, барлық 346 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Сондай-ақ 10 сәуірде шетелден анықтамасыз келген 28 Қазақстан азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.