• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Сәуір, 2021

Бәсеке кейінге шегерілді

142 рет
көрсетілді

17 сәуірде Германияның Карлсруэ қаласында өтетін бокс кешінде қазақтың қайсар ұлы Айдос Ербосынұлы өнер көрсетуге тиіс еді. Алайда коронавирус дертіне шалдығуына байланысты қандасымыз бұл жарысқа қатыспайтын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы кәсіпқойлар арасында 15 рет шаршы алаңға шығып, барлық бәсекеде мерейі үстем болды. 10 қарсыласын нокаутпен ұтты. Қазіргі кезде WBC Asian, WBA International және WBO Global нұсқасының алтын белбеуін иеленіп отырған ол ресейлік Евгений Шведенкомен тартысуға тиіс еді.

Қарсыласы да өте мықты боксшы. Қиыр Шығыстың қыраны да күні бүгінге дейін жеңілістің кермек дәмін татқан емес. Осы жекпе-жекте жеңіске жеткен саңлақ IBF нұсқасының чемпиондық атағы үшін таласу мүмкіндігіне ие болатын еді. Өкінішке қарай, жерлесіміз сырқаттанып қалып, бұл бәсеке кейінге шегерілді.