Ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем біріншілігі биылғы жылдың 21-31 мамыр аралығында Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осының алдындағы әлемдік дода 2019 жылы Фиджи елінің астанасы – Сува қаласында өткен болатын. Жер жаһанның әр қиырынан жиналған дарынды жастардың жарысында Қазақстанның бес спортшысы өнер көрсетіп, солардың үшеуі жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтсақ, 81 кило салмақтағы Карина Құзғанбаева мен 87 кило салмақтағы Дария Ахмерова алтыннан алқа тағынса, 96 кило салмақтағы Артем Антропов күміске қол созды.
Жерлестеріміздің Сувада көрсеткен нәтижелері мынадай:
Карина Құзғанбаева – 224 (98+126) кило.
Дария Ахмерова – 236 (103+133) кило.
Артем Антропов – 352 (155+197) кило.