Нигер астанасы Ниамейдегі мектепте болған өрт кезінде 20-ға жуық оқушы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Actu Niger жергілікті басылымының мәліметінше, өрт сейсенбіде кешкі уақытта Pays Bas ауданындағы мектепте болған.
Қазіргі уақытта қаза тапқандар туралы нақты мәлімет жоқ. Жергілікті басылымдардың ақпаратына сүйенсек, кемінде 20 оқушы қаза тапқан.
Айта кетейік, өрттің пайда болу себептері әзірге белгісіз.