Желіде фельдшерлер түсірген бейне пайда болды. Тарс еткен дауыстан кейін олардың қызметтік көлігінің бүйір әйнегінде оқтың ізіне ұқсас тесік қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақмола облысында жедел жәрдемге кім оқ атуы мүмкін екендігі анықталуда.
Оқиға Щучинск қаласында болған. Жедел жәрдем қызметкерлерінің өздері – жағдайға таң қалған.
– Біз Шоссейная көшесімен жүрдік. Оқ атылды. Біз ешқайда соғыспадық, – деді фельдшерлер.
Олар атылған оқтың дауысын естіген сәтте көлік ауруханаға бет алған. Бригада жүкті әйелді алып бара жатқан. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ.
Полиция бұл фактіні растады және оқиғаның барлық егжей-тегжейін біліп жатқанын хабарлады.
Айта кетейік, бұл хабар КТК арнасында жарияланған.