• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2021

Сот шешімін орындамаған азамат қамауға алынды

173 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Жаңақорған аудандық пробация қызметі испекторлары сотталғандар тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Жақында аудандық сотта пробациялық бақылаудағы азаматқа қатысты сот отырысы өтті.

«Пробация есебіндегі Б есімді азамат сот белгіленген міндеттерді орындамай, жаза өтеу мерзімінде өзін теріс жағынан көрсетіп келді. Сонымен қатар, ол белгіленген күндері пробация қызметіне тіркелуге бірнеше рет себепсіз келмей қалған, тексеру кезінде мекен жайында болмаған. Одан бөлек, қоғамдық орнында алкогольдік ішімдік ішіп, масаң күйінде жүргені оған учаскелік инспектор ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салынған», деді аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Ж.Исмаилова.Сотталған азаматтың жоғарыда аталған заңбұзушылықтарына сәйкес, Жаңақорған аудандық пробация қызметімен оған қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыным жолданған.

Сот шешімімен, оның бас бостандығын шектеу түріндегі 2 жыл 3 ай өтелмеген жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын одан әрі өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді.