Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
- 22 сағат 11 минутта Павлодар ауылындағы өрт туралы хабарлама түсті. Өрт Школьная көшесі, 15/1 мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар және Екібастұз епархиясының Петропавл әйелдер монастырында тұтанды. Бір қабатты кірпіш ғимараттың 540 шаршы метр алаңында ағаш шатыр құрылымдары мен төбенің жануынан ғимараттың шатыры құлады. Өрт сөндірушілер сыйымдылығы 50 литр болатын 1 газ баллоны мен шіркеу ыдыстарын эвакуациялады, - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.
Өрт 1 сағат 40 минутта сөндірілді. Тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.Оқиға орнында ТЖ департаментінің жеке құрамынан 35 адам және 7 техника, «102», «103» қызметтері, АМО, ТКШ, 1 су тасығыш (9т) жұмыс істеді.Сондай-ақ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 7 қызметкер мен 2 техника, 1 ҚСК су тасығышы жұмылдырылды.