• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 15 Сәуір, 2021

Пандемия кезінде қанша қазақстандық шетелге көшті

341 рет
көрсетілді

Өткен жылы пандемия кезінде елімізден  29,1 мың адам шетел асыпты. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 35,6 пайызға азайған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алайда 2014-2019 жылдар аралығында елімізден шекара асып кететін қандастарымыздың саны күрт өскен. Сонымен қатар елге келушілердің саны да азайған, өткен жылы 11,4 мың адам келсе, бұл көрсеткіш 2019 жылғымен салыстырсақ 6,6 пайызға аз.

2020 жылы Қазақстаннан кеткен мамандардың көпшілігі техникалық мамандық иелері (4,5 мың адам), одан кейін экономистер (2,3 мың адам) және мұғалімдер (1,5 мың адам).

Өткен жылы елден кеткендердің басты себебін короновирусқа байланысты «кризиспен» баластырады.

Аймақтық контекстке қарасақ мамандардың ең көп кетуі Қарағанды облысында байқалады, 2,3 мың адам шет елге қоныс аударған.

Өткен жылы еліміздің үш облысына 13,4 мың білікті кадрлар келген. Атап айтар болсақ, Шығыс Қазақстан 2мың, Қостанай облысы 2 мың, Түркістан облысы 3,5 мың  мамандармен толыққан.

Ал еліміздің үш өңірінде жағдай керісінше, яғни келген кадрлар саны кеткендерден асып түседі. Ол Маңғыстау облысы, Шымкент және Түркістан облысы.

Гаухар ҚАПАШ