СҚО Тайынша ауданында полиция мен ҰҚК СҚО департаменті қызметкерлерінің бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аудан орталығының тұрғынынан 2 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Еgemen.kz.
52 жастағы тұрғынның сөмкесінен өсімдік тектес зат салынған пластик қаптамалар табылған. Сараптама бұл заттардың екі келіден астам кептірілген марихуана екенін анықтады. Аталған факті Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
«Бұл қылмыс түрінің әлеуметтік қаупі жоғары болуына байланысты есірткінің заңсыз айналымына ерекше көңіл бөлінеді», дейді Тайынша ауданының ПБ бастығы, полиция подполковнигі Нұрлыжан Ақтанов.
Жыл басынан бері ауданда есірткінің заңсыз айналымының 5 фактісі тіркелген, оның 1-уі синтетикалық түрімен байланысты.