Қорғаныс министрлігінің Су-30 ұшағы Қарағанды облысының аумағында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балқаш қаласындағы авиациялық оқу орталығында өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде СУ-30СМ ұшағы қону алаңына жақындап қалған сәтте апатқа ұшырады.
Қорғаныс министірлігінің өкілдері экипаж мүшелерінің аман екенін атап өтті.
Айта кетейік, Су-30 ұшағы екі орынды, төртінші буынды әскери ұшақ санатына жатады.